print

Техникалық қадағалау

Отчет о состоянии и ходе строительства объекта.

Отчет о состоянии и ходе строительства объектов строящихся по Карагандинской области (zip файл- 8.33 kb)

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10401 тіркелді.

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының №242-ІІ заңының 34-1 бабы 6-тармағы 6-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ, салынып жатқан объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу Қағидаларына сәйкес құрылыс объектілері бойынша бірыңғай мониторинг жүргізу мақсатында Сіздер ай сайынғы негізде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы органына, мекенжайы бойынша объектінің жағдайы және құрылыс барысы туралы есепті ұсынуларыңыз қажет.

Ақпаратты қосымшаға сәйкес әр айдың 5-ші жұлдызына дейін, объектілердің фотосуреттерімен, ескертусіз Электронды үкімет портал (egov.kz) арқылы жіберіп тұруыңызды сұраймыз.

 

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.

31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

     2. Тапсырысшы (меншiк иесi) және мердiгер (бас мердiгер) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы немесе мемлекеттiк құрылыс инспекторы сұратқан осы объект жөнiндегi жобалау және атқару техникалық құжаттамасын, сондай-ақ тиiстi жобалар бойынша сараптама қорытындысын ұсынады.

      3. Мыналарды:

      1) жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғына, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлануына;

      2) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;

      3) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғына;

      4) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне;

      5) мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың және қадағалаудың барлық (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;

       6) атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресiмделуiне;

       7) объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;

       8) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы жүзеге асырылады.

       4. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары:

      1) ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;

      2) жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы;

      3) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді).

      4-1. Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау анықталған кезде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары:

      1) тапсырыс берушінің жол берілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде жоюы туралы;

      2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді).

      5. Сәулет-құрылыс бақылауының және қадағалауының мемлекеттiк органдарының немесе мемлекеттiк құрылыс инспекторларының нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы.

      6. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

      8. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Осы баптың 3-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген талаптарды сақтауды техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін бақылау арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары қамтамасыз етеді.

      10. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды бұзушылықтар анықталған немесе анықталған бұзушылықтар объектіде жойылмаған жағдайда, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдану үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына бұл жөнінде хабарлайды.

      Ескерту. 31-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

34-1-бап. Техникалық қадағалау

      1. Осы Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылады.

      Құрылыс объектісі аяқталған кезде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды береді.

      2. Техникалық қадағалауды тапсырысшы объектiлер құрылысына жобалық-сметалық құжаттамада көзделген қаражат есебiнен дербес және (немесе) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырысшылар) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін нарықта әрекет ететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі тиісті аттестаты бар сарапшыларды тартуға құқылы.

      4. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың:

      1) салынып жатқан объектіге еркін кіруге;

      2) салынып жатқан объектіге қатысы бар құжаттамамен танысуға;

     3) мердігерден (бас мердігерден) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдер мен есептердің, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын ұйымдық-технологиялық құжаттар талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге;

     4) белгіленген мерзімдерде нұсқауларды орындау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру құқығымен, мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында өзі жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтарды, бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдерден және (немесе) ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарынан ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар.

      5. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар:

      1) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарын сақтауына қадағалауды қамтамасыз етуге;

      2) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;

      3) объектіде осы Заңның 31-1-бабы 3-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген талаптардың сақталуына қадағалауды қамтамасыз етуге;

      4) техникалық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға;

      5) жасырын жұмыстарды куәландыру мен жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;

      6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына ай сайынғы негізде объект құрылысының жай-күйі және барысы туралы есепті ұсынуға;

      7) мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, бұл жөнінде тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесіне хабарлауға;

      8) техникалық қадағалау журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

      6. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға міндеттерді орындамағаны (тиiсiнше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

     7. Тиісті жауапкершілік деңгейіндегі техникалық қадағалауды орындау жөніндегі аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы бар аккредиттелген заңды тұлғалар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге техникалық қадағалауды жүргізуге тиіс.

      Техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде жүзеге асырады.

     8.Жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар техникалық қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында өлшем және бақылау құралдары, нормативтік құжаттары және аккредиттелген (тартылған) зертханасы болуы міндетті.

     9. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Ескерту. 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.04.12 N 38 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

 

 

 

 

 

 


Келулердің саны: 12789


Жоғары