print

Азаматтық қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі ақпарат

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыру және бекіту туралы ақпарат

 

Президент Н.Назарбаев елді тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс және мемлекеттік қызметтің беделін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы қажет.

Мемлекеттік жүійені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясында кәсіби мемлекет құру ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Мемлекеттік қызмет үшін имидж маңызды функционалдық және мәртебелік мәнге ие. Ол халықтың оған деген сенімі деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін, мемлекетпен жүргізілген қайта құруларды бағалаудың критерийі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінде белгіленген, онда: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды» деп көрсетілген.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру – сапалы шешімнің ең күрделі мәселесі, ол бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Нұр Отан" ХДП-ның
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық нормасы

 

Мемлекеттік қызметші төмендегі этикалық нормалардың қағидаларын басшылыққа алуы тиіс.   

1. Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек.

 2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.

 3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дуалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.

 4. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек. 

 5. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.

6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.

7. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек. 

8. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек. 

 

 Бұл тек мемлекеттік мекеме органдарының қызметкерлеріне қойылатын моральдық талаптардың бөлігі ғана.

 Біз мемлекеттік қызметке және билікке мен белгілеген этикалық нормаларды қатаң орындайтын адамдарды тәрбиелеуіміз және әкелуіміз қажет. Мұндай тұлғалар Отанының гүлденуі үшін барлығын жасайтын нағыз патриот болмақ.


Келулердің саны: 19059


Жоғары