print

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін

бекіту туралы» Қарағанды облысы  әкімдігінің

қаулысына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ

  

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік орган-әзірлеуші туралы ақпарат

 

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

 

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республика-сындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11133 болып тіркелген).

 

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республика-сындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы.

 

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Қабылданған жоқ

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Қабылданған жоқ

 

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме 

 Көздемейді  

 

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Келісілді

 

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Жоба 2015 жылғы «___» ________ № _______ «Орталық Қазақстан»,  2015 жылғы «___»_______ №____ «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланды

 

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Барлық қорытындылар ұсынылды

 

 «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет- құрылыс

 бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекеменің басшысы                                        Н. Төлтай                                                            


Келулердің саны: 6807


Жоғары