print

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының жобасына қызметтік жазба

                                                         Қарағанды облысының әкімі

                                                                                   Н.Қ. Әбдібековке

 

                                                   Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы                               

                   мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін

                    бекіту туралы»  Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының

                       жобасына қызметтік жазба

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11133 болып тіркелген)  сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру  мақсатында «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді.

Осы қаулының жобасы Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативті-құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаулының жобасына қол қоюыңызды сұраймын.

 

Қарағанды облысы

әкімінің бірінші орынбасары                    А.  Дүйсебаев


Келулердің саны: 6533


Жоғары