print

Мемлекеттік органның қызметі

«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс

бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

 «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, лицензиялау және аттестаттау қызметтерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекеме Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы №05/02 қаулысымен құрылды.

Мемлекеттік мекеме қызметінің міндеті ведомстволық аумақта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын, лицензиялауды және аттестаттауды іске асыру болып табылады.

 Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

    1) құрылыстың сенімділігін және қауіпсіздігін, ведомстволық аумақта салынып жатқан объектілердің сенімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

  2) ведомстволық аумақта жүзеге асырылып жатқан сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқару органдарымен өзара әрекеттесу;

  Мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) объектілердің құрылыс сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, объектілерде мемлекеттік, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекетаралық нормативтердің және жобалау шешімдерінің сақталуын жүзеге асыру;

2) объектiлерде құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушiлердiң техникалық қадағалау, жобаларды әзiрлеушiлердiң авторлық қадағалау және мердiгерлердiң (бас мердiгерлердiң) қадағалау қызметiне бақылауды жүзеге асыру;         

3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген тәртіпте құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізіле басталғаны туралы хабарламаларды қабылдау;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте нормативтiк құқықтық актiлердi және сәулет-құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк нормативтiк талаптарды бұзушыларға тиiстi шаралар қолдану; 

5) салынып және қайта салынып жатқан объектілердегі апаттар мен құлау себептерін зерттеу жөніндегі комиссияларға қатысу

6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеріс өткізуге қатысу;

7) әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізуді талдау және жүргізу;

8) құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізіле басталғаны туралы хабарлама берген субъектілердің реестрін жүргізу;

9) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің мониторингі;

10) тексерістер мен бақылау нәтижелерін жинақтау және талдау;

11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензиар функцияларын жүзеге асыру, оның ішінде:

лицензия және лицензияға қосымшалар берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;

 лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;

берілген лицензия тізілімін уәкілетті органға жолдау;

өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық,санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсiп, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласында қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы органдарға сұраным жолдау;

уәкілетті органға өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келетіні туралы қорытындыны жолдау;

лицензия бланкілерін және оларға қосымшаны ресімдеу

12) сараптамалық және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша ұйымдастыру шараларын жүргізу;

13) азаматтардың өтініштерін қарау;

14) сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеуге (қайта пысықтауға) қатысу;

15) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, лицензиялау және аттестаттау мәселелері бойынша депутаттық сауалдарды, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың, өзге де үкіметтік емес ұйымдардың өтініштерін қарау және оларға жауаптар дайындау.

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асыру;

 

Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Төлепов көшесі, 14. Байланыс телефондары: 8(7212)481218, 514294., электрондық мекенжайы: krg_gask@krg.gov.kz

Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области».

Басқармада 16 әкімшілік мемлекеттік қызметші және 9 штаттан тыс қызметші жұмыс істейді.

Мекеме 3 бөлімнен тұрады: мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, лицензиялау және аттестаттау бөлімі, әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі.

Басқарманы Тілектес Темірбекұлы Досаев басқарады.

Басқарманың Көптеген қызметкерлерінің мінсіз қызметтеріне марапаттар берілген, оның ішінде «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен бас маман-мемлекеттік құрылыс инспекторы Тасмагамбетова  Зейнеп Бахитжановна, ҚР ӨДМ құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрмет грамотасымен бөлім басшылары Альменов Талгат Саруарович, Карманов Даулет Сагатович, Садыков Нуртай Нарманбетович, бас маман-мемлекеттік құрылыс инспекторлары Малютина Ларахан Абдыкадыровна, Турусбекова Раушан Ерболовна, Касимов Мейрам Жумажанович, персоналды басқару бойынша бас маман (кадр қызметі) Троян Любовь Михайловна, бас маман-бас бухгалтер Жолдасбекова Нургуль Жумабаевна марапатталды.


Келулердің саны: 12559


Жоғары