print

Ақпараттық қолдау

 Ақпараттық қолдау

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабы 12-тармағына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін тапсырыс беруші Басқарманы (бұдан әрі – қабылдаушы ұйым)  «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген тәртіпте құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарландыруға міндетті. 

Бұл ретте жобалаушы техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi энергиямен жабдықтау желiлерiне қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзудiң басталғаны туралы хабар беруге құқылы.

«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес хабарлама қабылдайтын ұйымның тікелей лауазымды тұлғасына нысандар бойынша тапсырады

Қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы хабарламаны толтырудың толықтығын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес тексереді

Қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы тұлғаның хабарлама беруге өкілеттігін (сенімхаттың болуы) тексереді

Қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы хабарламаны тексереді және оны қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді тікелей орнында және өтініш берушінің хабарлама берген сәтінде қабылдайды.

Заңның 46-бабының 5-тармағына сәйкес хабарламада және (немесе) хабарламаға қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығы үшін өтініш беруші жауапты болады.     

Хабарлама қабылданғаннан кейін  хабарламаның қабылданғаны туралы талон нысан бойынша беріледі.

Хабарламаны қабылдау туралы талон.

Өтініш беруші мен қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасының арасындағы келіспеушіліктер актісі.

Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бойынша.(docx файл 31,4 KB)

Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама жаңа объектінің құрылысы бойынша. 

(docx файл 20,1 KB)

01.01.2018 ж. жағдайы бойынша "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы"ММ сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласында аттестатталған сарапшалардың тізілімі (zip файл: 51.4 KB)

Аккредиттелген аттестаттау орталықтарының тізілімі (zip файл: 22.6 KB)

Сәулет, қала құрылыс және құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асырушы сарапшыларды аттестаттау бойынша тестілу сұрақтары (zip файл: 678 KB)

2018 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша берілген, қайта ресімделген лицензиялар тізілімі (zip файл – 12,1 MB)

2018 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша аттестациядан өткен сарапшылар тізілімі (zip файл – 30,2 kb)

Реестр аттестованных экспертов по состоянию на март 2019 года (zip файл – 19,7 КB)

Реестр выданных, переоформленных лицензии по состоянию на март 2019 года (zip файл – 12,1 MB)

 

 


Келулердің саны: 31268


Жоғары