print

Тапсырмалар мен міндеттер

  Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

             «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қарағанды облысы аумағында сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік саясаттың дамуына және жетілдіруіне ықпал ету.

            Мақсаттары:

  • Қарағанды облысы аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру;
  • Қарағанды облысының аумағында сәулет-құрылыс саласында лицензиялауды және аттестаттауды жүзеге асыру;
  •  Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

           Функциялары:

  • құрылыстың сенімділігін және қауіпсіздігін, ведомстволық аумақта салынып жатқан объектілердің сенімді қызмет етуін қамтамасыз ету;
  • ведомстволық аумақта жүзеге асырылып жатқан сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқару органдарымен өзара әрекеттесу;
  • объектілердің құрылыс сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, объектілерде мемлекеттік, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекетаралық нормативтердің және жобалау шешімдерінің сақталуын жүзеге асыру;
  • ведомстволық аумақтағы объектiлерде құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушiлердiң техникалық қадағалау, жобаларды әзiрлеушiлердiң авторлық қадағалау және мердiгерлердiң (бас мердiгерлердiң) қадағалау қызметiне бақылауды жүзеге асыру;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзе бастағаны туралы хабарламада көрсетiлген деректердiң анықтығын белгiлеу бойынша тексерудi жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте нормативтiк құқықтық актiлердi және сәулет-құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк нормативтiк талаптарды бұзушыларға тиiстi шаралар қолдану;
  • «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салынып жатқан объектілерге тексеріс өткізу;
  • ведомстволық аумақта салынып жатқан объектілерге инспекциялауды өткізу;
  • әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізуді талдау және жүргізу;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
  • келіп түскен құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды, қол қойылған келіспеушілік актілерін, хабарламаларды қабылдау туралы берілген талондарды мониторингтеу және талдау;
  • келіп түскен құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламалар, қол қойылған келіспеушілік актілері, хабарламаларды қабылдау туралы берілген талондар және мониторинг бойынша ақпаратты уәкілетті органға уақытылы жолдау;
  • салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің мониторингі;
  • тексерістер мен бақылау нәтижелерін жинақтау және талдау;
  • «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсету;
  • «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсету;
  • «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсету;
  • «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсету;
  • Қарағанды облысы лицензиаттарының реестрін жүргізу;
  • Лицензиялау мәселелері бойынша қажетті ақпаратты уәкілетті органға дайындау және жолдау;
  • «Қызмет көрсету стандартына және регламентіне сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету;
  • Қарағанды облысы сарапшыларының реестрін жүргізу.

          Сарапшыларды аттестаттау мәселелерi бойынша қажеттi ақпаратты дайындау және уәкiлеттi органға                жiберу;

  • азаматтардың өтініштерін қарау;
  • сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеуге (қайта пысықтауға) қатысу;
  • мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, лицензиялау және аттестаттау мәселелері бойынша депутаттық сауалдарды, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың, өзге де үкіметтік емес ұйымдардың өтініштерін қарау және оларға жауаптар дайындау.

          Құқықтары мен міндеттері:

  • бекітілген заңнамалық тәртіпте соттарда құқықтар мен мүдделерін қорғауын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсініктеме беру;
  • «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қажетті ақпараттарды және материалдарды, басқа мемлекеттік органдарынан және лауазымды тұлғалардан сұрау және алу;
  • Қарағанды облысы әкімдігінің қарауына өз қызметінің барлық мәселелері бойынша және сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы субъектілерінен ведомствоға қарасты аумағында салынуы белгіленген және салынып (қайта жаңартылып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпараттарды сұрайды және алады;
  • танысу үшін тапсырыс берушілерден құрылыс объектісі бойынша қажетті жобалау және атқару құжаттамаларын, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптамалық қорытындысын сұрайды және алады;
  • салынып (қайта жаңартылып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз кіреді және онда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарына жедел инспекция жүргізеді;
  • бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарын жүзеге асырған кезде объектілерге барады;
  • мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалау шешімінен) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда нұсқама береді;
  • сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың белгіленген нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдайды;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады;
  • ресми сұраным болған жағдайда заңнама шегінде өз құзыретінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;
  • «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексінің нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
  •  «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы»мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша түсініктер береді;
  • «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін басқа да міндеттерін орындайды.

Келулердің саны: 12946


Жоғары