print

Өкілдіктер туралы ақпарат

 «Қарағанды облысының мемлекеттік

сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің құзыреті

  Құрылыстың сенімділігін және қауіпсіздігін, ведомстволық аумақта салынып жатқанобъектілердің сенімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

ведомстволық аумақта жүзеге асырылып жатқан сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқару органдарымен өзара әрекеттесу;

объектілердің құрылыс сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, объектілерде мемлекеттік, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекетаралық нормативтердің және жобалау шешімдерінің сақталуын жүзеге асыру;

ведомстволық аумақтағы объектiлерде құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушiлердiң техникалық қадағалау, жобаларды әзiрлеушiлердiң авторлық қадағалау және мердiгерлердiң (бас мердiгерлердiң) қадағалау қызметiне бақылауды жүзеге асыру;

құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзе бастағаны туралы хабарламада көрсетiлген деректердiң анықтығын белгiлеу бойынша тексерудi жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте нормативтiк құқықтық актiлердi және сәулет-құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк нормативтiк талаптарды бұзушыларға тиiстi шаралар қолдану;

объектiлер мен кешендер бойынша қабылдау және мемлекеттiк қабылдау комиссияларының жұмыстарына қатысу;

салынып жатқан объектілерге Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеріс жүргізу;

ведомстволық аумақта салынып жатқан объектілерге инспекциялауды өткізу;

әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізуді талдау және жүргізу;

құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды қабылдау;

келіп түскен құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды, қол қойылған келіспеушілік актілерін, хабарламаларды қабылдау туралы берілген талондарды мониторингтеу және талдау;

келіп түскен құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламалар, қол қойылған келіспеушілік актілері, хабарламаларды қабылдау туралы берілген талондар және мониторинг бойынша ақпаратты уәкілетті органға уақытылы жолдау;

салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің мониторингі;

тексерістер мен бақылау нәтижелерін жинақтау және талдау;

мемлекеттік қызметтер көрсету;

азаматтардың өтініштерін қарау;

сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеуге (қайта пысықтауға) қатысу;

мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, лицензиялау және аттестаттау мәселелері бойынша депутаттық сауалдарды, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың, өзге де үкіметтік емес ұйымдардың өтініштерін қарау және оларға жауаптар дайындау.


Келулердің саны: 13944


Жоғары